• Facebook
  • Twitter
  • Rss
  • Plus

+7 727 272-77-38

+7 727 272-77-49

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Жаналыктар


Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Календарь

« October 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Еңбек қорғау оқыту

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша сұрақтарды жұмыскерлердің білуі ол:

- еңбек қызметі үрдістерінде өз өмірі мен денсаулығын сақтауды жүзеге асыру,

- қауіпті және (немесе) зиян өндірістік факторлар әрекетінен қорғалыну күйін бағалау.

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша сұрақтардың жауапты қызметкерлер мен жетекшілердің еңбекті қорғау аумағындағы білімінің болуы ол:

-жұмыскерлерге қауіпті және зиян өндірістік факторлардың болмауы не болған жағдайда олардың әсері қауіпсіздік нормаларынан аспауы әсерінен ұйымда қауіпсіз еңбек шартын құру,

-Еңбекті қорғау шарттарын жұмыскерлердің орындауын бақылау және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шартын бақылауды жүзеге асыру.

ҚР Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес, еңбек қорғау мен қауіпсіздік сұрақтары бойынша жұмыскерлерді оқыту және білімін тексеру жұмс беруші тарапынан жүргізіледі.

Еңбек қорғауды оқытудың келесідей міндетті түрлері қарастырылған:

Алдын ала оқыту. Жұмысқа қабылданған тұлға, міндетті түрде жұмыс беруші ұйымдастырған еңбекті қорғау мен қауіпсіздік сұрақтары бойынша оқыту және білімін тексеру кезеңдерінен өтеді;

Жұмыскерді мамандығы бойынша оқыту. Жұмыскер жылына бір рет мамандығы бойынша білім алады, сонымен қатар еңбек қорғау бойынша білімі тексеріледі;

Еңбек қорғау және қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен жұмыскерлер жетекшісін оқыту. жауапты тұлғалар мен жұмыскерлер жетекшілері еңбекті қорғау және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша үш жылда бір рет еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша алдын ала дайындық және кадрлық квалификацияны көтеру, кәсіби дайындықты арттыратын ұйымдарында оқытылып, білімдері тексерілуі керек.

 

Жұмысшыларды қосымша ЕҚ бойынша оқыту және кәсібіне байланысты оқыту бағдарламалары ұйым жетекшілерімен бекітіледі.

Оқу процесі еңбекті қорғау мен қауіпсіздік қызметі ұйымдарының қызметкерлерімен, тәжірибелі инженер техникалық қызметкерлерімен, сондай ақ тапсырыс беруші ұйым саласына қатысты жоғары тәжірибелі мамандарды тарту арқылы жүргізіледі.

Кәсібі бойынша оқытылған жұмысшылардың білімін тексеруді ұйымда құрылған комиссия жүзеге асырады.

Жұмыскер жетекшілерін еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі туралы оқыту бағдарламалары еңбек бойынша жергілікті жердегі мемелекеттік ұйымдармен бекітіледі.

Ұйымдағы еңбек қорғау мен қауіпсіздік қызметі және инженер-техникалық жұмысшылар, тәжірибелі заңгерлер, оқыту орындарының мұғалімдері, арнайы мемлекеттік қадағалау және бақылау ұйымдарының мамандарын тартумен, жұмысшылар жетекшілерін еңбек қорғау мен қауіпсіздік сұрақтары бойынша оқыту (сабақ, дәрістер, семинарлар) жүргізіледі.

Еңбек бойынша жергілікті мемлекеттік уәкілетті ұйымдарда құрылған бұйрықтары бойынша, үш адамнан аз емес комиссия алдында біліктілікті көтеру курстарында, жұмысшылар жетекшілерінің білімдерін тексеру, еңбек қорғау мен қауіпсіздік сұрақтары бойынша жүргізіледі.

Еңбек қорғау мен қауіпсіздікке оқыту процестері ЕҚ аумағындағы компоненттік және жоғары білікті мамандарды тартумен жүргізіледі. Осындай мамандарды біздің компания - ЖШС«СТАНДАРТ-ГРУПП ЛТД» жұмысқа тартады.

 

ЖШС«СТАНДАРТ-ГРУПП ЛТД» ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік және еңбекті қорғау министрлігі бекіткен, еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерде аттестациялауды жүргізу қызметін іске асыру бойынша арнайы маманданған ұйым тізімдемесіне енген. ҚР ТЖМ Комитетімен серіктестіктің болуы өндірістік қауіпсіздік аумағында жұмыстар жүргізуге құқық береді. ЖШС-да жүргізілетін, біліктілікті көтеру процесі және өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту тұрғындарды әлеуметтік және еңбек қорғау министрлігінің және ҚР ТЖМ жергілікті департаменттерінің бақылауында болады. Біздің компания қауіпті және зияндық факторларды лабораториялық зерттеу және санитарлы-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сараптау бойынша жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар.


2.
АҚПАРАТТЫҚ – ҰСЫНЫС

Біз өзіміздің қызметімізде мынадай іс жүргізуді ұсынамыз қауіпсіздік жайында білім беру және еңбекті қорғау, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік:

1.Алдын-ала ұйымдастырулар мен іс жүргізуді оқыту;

2.Өз мамандығы бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және алдын- ала оқыту, сонымен қатар ЕҚ білімдерін тексеру бойынша комиссия жұмыстарына қатысу;

3. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жергілікті бөлімшелері бекіткен 40- сағаттық бағдарлама бойынша, еңбекті қорғау және қауіпсіздік үшін жауапты, жетекшілер мен мамандар үшін еңбек қорғау бойынша семинарлар ұйымдастыру және жүргізу;

4.ҚР төтенше жағдай Министрлігінің жергілікті бөлімшелері бекіткен, 40-сағаттық бағдарлама бойынша, өнеркәсіптік қауіпті жердегі жұмысшы, инженерлік-техникалық жұмысшы және мамандар, жетекшілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша семинар

ұйымдастыру және жүргізу;

5. Тәжірибеге қатысушы жұмыс жасайтын, өнеркәсіпте қолданылатын талап етілген құқықтық нормативтік құжаттардың талқылануы бойынша тәжірибелік ұсыныстарды беру, еңбек және қауіпсіздік аумағындағы талап етілген құқықтық нормативтік құжаттардың (ҚНҚ) түсіндірілуі бойынша 80 сағаттық тәжірибені ұйымдастыру және жүргізу. Жаттықтыру сабағына қатысушыға өндірістегі еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ұйымдық жұмыстар алгоритмінен тұратын «ЕҚжҚ қамтамасыз ету үлгілік технологиялық регламенті» оқу құралы таратылатын болады;

6. ұйым жетекшісі келісімімен өндірістік және қосалқы процестер ерекшеліктеріне қарай жасалынған, 40 сағаттық бағдарлама бойынша, өнеркәсіптерге барып, еңбек қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша, өндірістік және қосымша жұмыскерлер үшін ұйымдық оқытуды жүргізу және ұйымдастыру;

7. қауіпті объектілерде жұмыс істейтін өндірістік жұмысшыларды өндірістік қауіпсіздік сұрақтары бойынша өнеркәсіпке барып 40-сағаттық бағдарлама бойынша оқыту, ал қауіпті объектілерге байланысы жоқ жұмыскерлерді 8-сағаттық бағдарламамен ұйымдық оқытуды жүргізу және ұйымдастыру;

8.16-сағаттық бағдарлама бойынша, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша тақырыптық тренинг жүргізу және ұйымдастыру;

 

9. «МЕМС12.0.230-2007 негізіне сәйкес, еңбек қорғауды басқару жүйелерін енгізу және өңдеу» 40-сағаттық тренингке қатысушыларды оқытуды жүргізу және ұйымдастыру.

3. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

 

3 және 4 тарауда көрсетілген, оқыту бағдарламаларына сәйкес, білімдерін тексеру кезеңдерінен сәтті өткен, семинар тыңдаушыларына, меслекеттік басқару ұйымдарының Сертификаты беріледі.

2, 5-8 тарауда көрсетілген, оқыту бағдарламаларына сәйкес, білімдерін тексеру кезеңдерінен сәтті өткен, семинар және тренингке қатысқан тыңдаушыларға ЖШС «СТАНДАРТ-ГРУПП ЛТД» Сертификаты беріледі.

5 және 8 тарауда көрсетілген оқытуды жүргізу түрі, арнайы дайындалған бағдарлама бойынша және Интернет технологиясын қолданушыларға қашықтықтан жүргізіледі.

 

4. ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

 

Оқыту немесе тренингтің қолдану формасына өтінім.

Оқыту құны сіз таңдаған тақырыпқа, оның ұзақтылығына, сондай-ақ оқыту формасына (қашықтықтан оқыту не тікелей қатысу) тәуелді және тапсырыс беруші Өтінім тастағаннан кейін оқыту құны есептелінеді.

Семинар не курсқа қатысу құны, өткізілетін орны, уақыты, тақырыбы туралы ақпарат –261 – 08 – 56 телефондары бойынша, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

ГлавнаяҚызмет көрсетуӨндірістік қауіпсіздікті окыту