• Facebook
  • Twitter
  • Rss
  • Plus

+7 727 272-77-38

+7 727 272-77-49

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Жаналыктар


Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Календарь

« October 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Өндірістік қауіпсіздікті мағлұмдау және сараптау

Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік – жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялар мен аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйі.

Заңнама

“Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы” ҚР Заңы (ҚӨО ӨҚ)

3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар

Қауіпті өндірістік объектілерге мына обьектілер жатады, олар:

1)Өндірілетін, қолданылатын, өңделетін, өрнектелетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын келесі қауіпті заттардың біреуі болса:

тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;

жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;

жанғыш - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;

тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;

уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамалары бар зат:

асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;

теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;

ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;

жоғары уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамалары бар зат:

асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;

теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;

ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;

қоршаған орта үшін қауіп тудыратын - су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:

балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;

құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;

радиоактивті және ионды сәулелену көздері;

3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;

4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды ӛндіру және минералды шикізатты қайта ӛңдеу жӛніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;

7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;

8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

Қауіпті техникалық құрылғыларға:

1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;

2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.

11-бап. Қауіпті өнеркәсіптік объектіге ие жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi

Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелерінің міндеттері:

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуін, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келісілуін, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргізілуін қамтамасыз етуге;

5) әрі қарай пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізуге;

19) осы Заңмен айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;

Біз нені ұсынамыз?

1. Жүргізілген сараптама (“ҚӨО ӨҚ ”туралы ҚР Заңы 14-12 бап) сіздің объектіңізге нормативті-құқықтық акт және нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласында бағалауларды қосады:

  • технологиялық үрдістерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік
  • құрылыстың, ғимараттың және алаңның техникалық күйі;
  • инженерлік-техникалық жүйелердің, жабдықтардың, машиналардың қауіпсіздігі;
  • қолданылатын шикізаттар, материалдар және шығарылатын өнімдер қауіпсіздігі;
  • өндірістік қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі сұрақтарда жұмысшы біліктілігі;
  • авариялық әрекетерге дайын болуы және олардың зардаптарын жою әрекеттері;

2. өндірістік қауіпсіздікті мағлұмдауын әзірлеу (“ҚӨО ӨҚ ”туралы ҚР Заңы 11-1 бап) келесілер:

  • қоршаған ортадағы, тұрғын аймақтағы қауіпті өндірістік факторлардың зияндық аймағын және ықтималдылығын анықтау;
  • Авариялық әрекеттерді ескерту мен жою бойынша сақтандырылуын және әрекеттесуін әзірлеу;
  • Өнеркәсіп жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне зиян әкелетін қауіптерді басқару;

Бұл не береді?

Өндірістік қауіпсіздік саласында сапалы жүргізілген сараптама және мағлұмдама рұқсат етеді:

  • Объекттің жалпы қауіптілік деңгейінің коэффиценті (“ҚӨО ӨҚ ”туралы ҚР Заңы 3-1 бап) – көрсеткішін дәл есептеуге;
  • Өнеркәсіптің техникалық және технологиялық қайта жабдықталу жоспарын өңдеп енгізуге;
  • ҚӨО иелерінің үшінші тұлғаға келтірген залалы үшін төлейтін, жауапты азаматтық-құқықтық міндеттерді сақтандыру төлемдерін азайтуға;
  • Келешекке және ағымдағы кезеңге өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде теңдестіру жоспарын жасау;
  • Өнерқәсіп қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік талаптары мен нормаларын оқытуды жүргізу мен ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді;
  • Өндірістегі қауіпсіздікті өндірістік бақылау тиімділігін (нәтижесін) жоғарлату;
  • Қашықтықтан басқарудағы келесі аударулармен қауіпті обьект топтары қатысты өзгерістер, мемлекеттік және бақылаушы ұйымдар объектінің қауіпсіздік күйін кезеңдік бақылау жоспарларын жеделдету (кеңейту)..

Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік аумағында жұмыстарды жүргізу құқығы бізге ҚР ТЖМ Аттестация негізінде ұсынылды №__ от ________2013г.

ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ, ЖАЗЫҢЫЗ, КЕЛІҢІЗ.....

ГлавнаяҚызмет көрсетуӨндірістік қауіпсіздікті сараптау