• Facebook
  • Twitter
  • Rss
  • Plus

+7 727 272-77-38

+7 727 272-77-49

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Жаналыктар


Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/modules/mod_k2_content/helper.php on line 419

Календарь

« October 2018 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-12540.webspace/www/sgl.kz/components/com_k2/models/item.php on line 596

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңындағы 6 бап 6 тарауға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі БЕКІТЕДІ:

1. Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді.

2. Осы қаулы 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

Сұрақтарға жауап беретін

КУЖЕМУРАТОВ Сапабек Шайхабекович,

ЖШС«Standard-GroupLtd»басдиректоры,

еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша маманы, Алматы қ.

Өндірістік қауіпсіздік бойынша емтихан

Өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмыскер емтихан тапсырмады.емтихан коммисиясының протокол негізінде емтиханды қайта тапсырғанға дейін оны жұмыстан шеттету туралы бұйрық беріледі. Емтиханды қайта тапсыру кезінде жұмысшы тапсыра алмады. Жұмыс берушінің ары қарайғы іс әрекеті қандай болмақ?

ҚР ЕК 50 бабына сәйкес жұмыс беруші еңбек қорғау мен қауіпсіздік тәртібі бойынша емтихан тапсырмаған жұмысшыны жұмыстан шеттетуге міндетті.

ҚР ЕК 54 бап 3 тармақта хабарланған «біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда жұмыс беруші қызметкермен еңбек келісім-шарты туралы бастаманы көтере алады».

ҚР ЕК 54 бап 3 тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс. Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда жұмыс берушінің актісінде айқындалады( ҚР ЕҚ 56 бап,6 тармақ).

2011 жылғы 28 казаңдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен № 1225 «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту нұсқама беру және олардың білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімі туралы» заңына сәйкес жұмысқа қабылданғандарға жұмыс беруші ұйымдастырған еңбекті қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша алдын-ала оқыту және білімдерін тексеру тәртіптемелерінен өтеді. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша білімдері тексерілмеген, алдын-ала оқулардан, нұсқаулықтардан өтпеген қызметкер жұмысқа жіберілмейді.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлер оны өткiзуден отыз күн бұрын ескертiлуге тиiс (15 т.).

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсанынан бастап бекіткен № 219 «Жалпы өндірістік қауіпсіздік талаптары 1 Бөлім» 2-40 т. бұйрықтарындағы қанағаттандырылмаған бағалауға сәйкес, қызметкерлер білімдерін қайта тексеру екі аптадан кейін өткізіледі, бірақ бір айдан асырылмауы тиіс.

Қызметкер, қайта тапсыру емтихандарынан өтпеген жағдайда, жоғары қауіпті өндірістік жұмыстарға жіберілмейді.

Бұл жағдайда білімдерін қайта тапсырудан өтпеген қызметкерлерге қауіпті емес басқа жұмыстарды ұсыну керек және тіпті жеке бағдарлама бойынша қайта оқытуды, қайта емтихан қабылдау жүргізіледі.

Тура сондай қызметтертер атқаратын қызметкерлер өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеруден өтіп, жұмысқа жіберілді.Осы өткен уақыт ішінде не өзгерді – өндірістегң жұмыстар қиындап кетті ме, немесе нормативтік акт талаптары өзгерді ме не тағы да басқа жағдайлар болды ма?

Өкінішке орай, жұмыс берушілер соңғы кездері ұнамайтын қызметкерлерден құтылу үшін осы жағдайларды жиі пайдаланады.

Егерде жұмыс беруші жұмысшымен еңбек келісім шартын бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, оған қызметкердің оқытылуы мен білімдерінің тексеруді ұйымдастыру рәсімдерінің сақталуы: сабақ кестесі, емтихан сұрақтарының таратылуы ( қызметкер атқаратын қызмет саласына байланысты) ескерту шараларыныі мерзімдері (30 күн), оқыту тілі және т.б.туралы ақпараттарға көз жеткізуі керек.

Қарсы жағдайларда қызметкер сот орындарына шағым түсіре алады және жұмысқа қайта оралуы мүмкін.

ГлавнаяЖаналықтарМіндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының